Қазақстан — сенімді одақтасымыз - Владимир Путин

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан — біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Бұл туралы Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты.

Kazakhstan, Russia to sign 20 agreements during Putin's visit to Astana 
Фото: Akorda

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақырғаныңыз үшін, осындай жылы қабылдағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Шынында да, Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Шағын құрамдағы келіссөз барысында екіжақты байланыстар аясында туындайтын проблемаларға назар аудардық. Кейбір мәселелер, сіз айтқандай, біздің тарапымыздан, Ресейден назар аударуды талап етеді және сіз Ресей тарапынан, ресейлік серіктестерден белгілі бір шешімдерді күтесіз», — деді Владимир Путин.

Сонымен қатар ол Ресей тарапынан да сұрақтар туындайтындығын атап өтті. 

«Ең бастысы, барлық сауалдың жауабын табуға ортақ ұмтылыс бар. Мен екі ел арасында шешілмейтін түйткіл жоқ екенін жақсы білемін. Ал мұндай ниеттестік үлкен жетістіктерге ұласады. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізді. Біз бұған қуаныштымыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың ауқымы артып келеді. Қазіргідей қиындықтарға қарамастан, ықпалдастығымыз кеңеюде әрі қос тарапқа да тиімді», — деді Ресей басшысы.

В. Путин бүгін өнеркәсіп пен қаржыдан бөлек, өзге де өзекті мәселелер талқыланғанын атап өтті. Сондай-ақ ертең елордада өтетін ҰҚШҰ аясында қауіпсіздік мәселесі қозғалатындығына назар аудартты.

Соңғы жаңалықтар