Қазақстан Сербияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі ұсынысын қолдайды

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан Сербияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі ұсынысын қолдайды. Бұл туралы бүгін елімізге арнайы сапармен келген Сербияның Сыртқы істер министрі Вук Еремичпен кездесуінен соң журналистерге сұхбат берген Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мәлім етті.
None
None

«Біз Сербия үкіметі мен оның Сыртқы істер министріне Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткенге дейін және төрағалық барысындағы қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Біз үшін бұл өте маңызды болатын. Осыған қарай біз де өзіміздің тарапымыздан Сербияның ЕҚЫҰ-на төрағалығын толықтай қолдаймыз»,-деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Сербия 2014 жылы халықаралық ұйымға төрағалық ету үшін ресми түрде өзінің кандидатурасын ұсынды. «Бұл мәселеге қатысты шешім Вильнюсте ЕҚЫҰ-на мүше елдердің министрлер кеңесінде қабылданады. Сол кездесуде біздің сербиялық әріптестеріміз басым дауысқа ие болады деген үміттеміз. Біз өзіміздің тарапымыздан Сербияның жеңіп шығуына барынша ықпал етуге тырысамыз»,-деді министр Е.Қазыханов.

Соңғы жаңалықтар