Қазақстан сейсмологтері жер сілкісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, зілзаланың ошағы Ауғанстан аумағында тіркелген.

жер сілкінісі
Фото: pexels.com

- ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық зерттеулер жүйесі 2025 жылы 26 сәуір күні Астана уақытымен 15 сағат 36 минут 18 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың бағыты 36.330 с.е. 70.417 ш.б-та, - деп хабарлады сейсмологтер.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 947 км қашықтықта жатыр.

Осыған дейін Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар