08:09, 16 Наурыз 2020 | GMT +5
Қазақстан сейсмологтары Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«Зілзала 16 наурыз күні Алматы уақытымен 05 сағат 54 минутта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. Тербелісі - 3.7», - делінген хабарламада.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.