«Қазақстан» шахтасында газдан уланған үшеудің бірі ауруханадан шықты

Қарағанды облысы денсауылқ сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның мәлімдеуінше, Владимир Калядканың денсаулығына төнген қауіп жоқ.
«Науқас облыстық медицина орталығының токсикологиялық бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында болды. Оның жағдайы бірқалыпты, денсаулығына шағым жоқ, тексеру барысында ешқандай ауру белгілері анықталған жоқ. Ол үйіне қайтарылды», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Токсикологиялық бөлімшеге тағы екі кенші түсті - 1960 жылғы Александр Иванов және 1974 жылғы Аят Тұрысбеков. «Олардың қашан шығарылтатындығы әзірге белгісіз. Бірақ олардың да өміріне төнген қауіп жоқ», - деді Айжан Иса.
Еске сала кетсек, Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша «31 тамызда таңғы сағат 4-тер шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенет метан газы тараған. Шахтада бастапқы мәлімет бойынша 136 адам болған. Ал апатты учаскеде алдын ала дерекке сәйкес 4 адам қалған. Қазіргі уақыттағы қолда бар дерек бойынша шахта қызметкерлері тіршілік белгісі жоқ 3 адамды тапқан».
Кейін апатта қаза тапқан үш кеншінің аты жөні жария етілді.
Олар:
1. Ахметжанов Рустам Ренатұлы, 23.03.1983ж., үйленген, 3 баласы бар.
2. Руденко Валерий Валентинович, 18.05.1980 ж., үйленген, 2 баласы бар.
3. Шебанов Максим Сергеевич, 24.05.1986 ж., үйленген, 1 баласы бар.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясы басшылығы «Қазақстан» шахтасындағы қайғылы жағдайдың мән-жайын хабарлады.