«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Бар күш адамдарды іздеуге жұмылдырылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең өрт шыққан «Қазақстан» шахтасына құтқарушылардың 4 бөлімі жіберілді, тағы екеуі дайын тұр. Бұл туралы Әскерилендірілген кәсіби апаттық-құтқару қызметі республикалық орталық штабының Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Шахтада өрт әлі де жалғасуда. Біз қазір барлық күш-жігерімізді адамдарды іздеуге бағыттадық. Өртті сөндірумен әлі айналыспадық. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта бір адамның мәйітін таптық, бөлім оны жер үстіне эвакуациялады. Қазір біз есептеулер жүргіздік, блоктың жоғарғы бөлігіндегі қазбалардағы түтінді азайту үшін маневрлер жасадық, өйткені шахтаға барған 12 бөлімше қою түтінге байланысты адамдар болуы мүмкін орындарға кіре алмады.

Тиісінше, қозғалыс жылдамдығы төмен және қорғаныс респираторының уақыты әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді, өйткені қозғалысы аз құтқарушы бөлімшелер алысқа бара алмайды. Қазір көріністі жақсарту үшін желдету маневрін жасадық, шахтаға 4 бөлім бағытталды, 2 бөлім дайын тұр. Біз адамдар болуы мүмкін скиптік ұңғы маңындағы қазбаларға зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәліметті бізге шахта қызметкерлері берді. Осы барлау нәтижелері бойынша тағы қосымша ақпарат бере аламыз.

Сонымен бірге, бізде пайда болған мүмкіндікті пайдаланып, негізгі конвейер кеңістігінің жоғарғы бөлігін барлап жатырмыз, бұл шахтаны апатқа дейінгі режимде желдетуді қалпына келтіру бойынша әрі қарай шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл арқылы өрт ошақтарындағы авариялық қазбаға тікелей кіре аламыз және шахта блогындағы түтінді азайтып, біз әлі бармаған қазбаларға өте аламыз» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.

Қазіргі сәтте осы апаттан жапа шеккендер саны 8 адамға жетті.

Сондай-ақ, екі жұмысшының денесі табылғаны туралы ақпарат тарады, бірақ кейін тек бір адамның денесі табылғаны нақтыланды.


Соңғы жаңалықтар