Қазақстан Шанхайда Khan Tengri Innovation хабын ашты

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл – Орталық Еуразиядағы стартаптар мен IT-компаниялардың Қытай нарығына шығуына арналған алғашқы арнайы платформа, деп хабарлады «Jibek Joly» телеарнасы.

 Қазақстан Шанхайда Khan Tengri Innovation хабын ашты
Фото: видеодан алынған кадр/Jibek Joly

Бұл отандық жобалар әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына қол жеткізіп, халықаралық деңгейдегі ойыншыларға айналу мүмкіндігіне ие болады деген сөз. Қытай мен Орталық Еуразия арасында жаңа стратегиялық көпір орнайды.

Инновациялық хаб қазірдің өзінде Қытайдың XNode акселераторымен серіктестік орнатып, даму сатысы әртүрлі стартаптарға арналған бағдарламаларды іске қосып жатыр.

– Бұл орталық біздің стартап өнімдерімізді Қытай нарығында ілгерілетуге септігін тигізетін маңызды алаң болады деп есептейміз. Бұл өте үлкен нарық. Мұнда көптеген ерекше дүниелер жарыққа шығып жатыр. Біздің мақсат тек батысты бағындыру емес, сонымен қатар Қытай нарығын да мойындату. Сондықтан барлық стартап пен кәсіпкерлерді біздің IT хабымызды пайдалануға шақырамыз, – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, Шанхайдағы жасанды интеллект бойынша Дүниежүзілік конференцияда Қытайдың ғылыми және технологиялық ақпарат институты мен Пекин университеті дайындаған жасанды интеллект инновациясының жаһандық индексі туралы баяндама ұсынылды.

Онда АҚШ пен Қытай жасанды интеллект саласында көшбасшы атанды.

Қазақстандық ЖИ енді видеоны 5 тілге аударып, ұлттық нақышта сурет салатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар