Қазақстан шекарасындағы санитарлық бақылау: 2025 жылы 6 миллионнан астам адам тексерілді

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстанда мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау адам денсаулығына қауіпті жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың әкелінуінің алдын алу мақсатында тәулік бойы жүзеге асырылады.

Санитарно-карантинный контроль на государственной границе
Фото: ҚР ДСМ

Бақылау жұмысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бөлімшелері арқылы 26 өткізу пунктінде, оның ішінде халықаралық әуежайларда, теміржол өткелдерінде, теңіз порттарында және «Қорғас» пунктінде, сондай-ақ Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті арқылы 14 автомобиль өткізу пунктінде қамтамасыз етіледі.

2025 жылы санитариялық-карантиндік бақылаумен 6,6 миллионнан астам адам және 48,7 мың көлік құралы қамтылды. 84 жолаушыдан дене қызуының жоғарылауы анықталды, аса қауіпті инфекцияларға күдік тіркелген жоқ. Медициналық көрсеткіштер бойынша 26 адам ауруханаға жатқызылды.

2025 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінген жағдайлары тіркелген жоқ.

Дайындық деңгейін арттыру мақсатында Алматы әуежайында ведомствоаралық оқу-жаттығулар, сондай-ақ көлік нысандарында 38 оқу-тренингтік іс-шара өткізілді. Туристік компаниялармен және халықпен профилактикалық және ақпараттық жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді ұзартады.

Соңғы жаңалықтар