Қазақстан ішіндегі әуе рейстерінің саны артады

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылы Қазақстанның ішіндегі әуе рейстерінің саны артады. Бұл туралы Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлім етті.

ұшақ
Фото: freepik

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайларының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Арқалық әуежайын қалпына келтіру жүзеге асады. Осы орайда ауқымды құрылыстың аяқталатынын ескере отырып, ішкі рейстер желісін кеңейту жоспарда бар, - деді С. Томпиева. 

Оның айтуынша, осы бағытта алдағы бірнеше жылға субсидия бөлу қажет болады. Сондықтан тиісті қолдау алу үшін ведомство өз ұсыныстарын жариялайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Көлік вице-министрі Талғат Ластаев 2026 жылы пайдалануға берілетін Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайларына билет құны қанша болатынын айтқанын жазған едік. 

Айта кетейік, Арқалық әуежайына Мыржақып Дулатовтың есімі берілмек.

Соңғы жаңалықтар