Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы құрлық көпірі ретінде пайда таба алады - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

ТАШКЕНТ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасау Қазақстанға Шығыс пен Батыс арасындағы құрлық көпірі ретінде пайда табуға мүмкіндік береді.
None
None

Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көлік министрлерінің кеңесінде ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті.

«Бүгінде Қытайға Еуропа мен Азия арасындағы жалпы тауар айналымы үлесінің 50 пайызы тиесілі. Белгілі болғандай, Қытай билігі өзінің батыс аймақтарында өндірістік-технологиялық және инфрақұрылымдық даму бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз бұл Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы жүк тасымалының артуына қосымша серпін береді деп санаймыз. Осылайша, тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар туғызу Қазақстанға Шығыс пен Батысты байланыстырушы құрлық ретінде пайда әкеледі», - деп атап өтті өз сөзінде М.Пішембаев.

«Атап өту керек, біздің мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің тасымалдау әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне ол көлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаны жетілдіруге тапсырма берді. Оның аясында 2020 жылға қарай жүктерді тасымалдау көлемін 2 есе ұлғайтып, шамамен 36 млн. тоннаға жеткізу үшін қажетті шараларды қолға алу керек», - деп атап өтті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар