Қазақстан ШЫҰ-ға жаңа леп әкелуде

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі оның қызметіне серпін беріп, жаңа леп әкелуде.
None
None

Мұндай пікірін «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісіне сұхбат берген Пәкістан Ислам Республикасы Стратегиялық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Халид Махмуд білдірді. Ол бұған дейін Пәкістанның Қытайдағы, Сауд Арабиясындағы, Ирандағы, Ирак пен Моңголиядағы елшісі, сондай-ақ өз елінің Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы және БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болып жұмыс істеді.

«Соңғы уақытта өзге өңірлік ұйымдармен салыстырғанда ШЫҰ қызметінің белсенді бола түскендігін байқап отырмыз. Қазақстанның төрағалық етуі ШЫҰ қызметіне серпін беріп, жаңа леп әкелуде. Менің ойымша, алда Астанада өтетін ШЫҰ саммиті мен өзге де іс-шаралар Ұйым тарихында маңызды кезең болып қалуы үшін Қазақстан алып келген қарқынды ұстап тұруымыз қажет. Алға қойылған барлық міндеттер орындалатынына сенімдімін. Себебі ШЫҰ-ның барлық қатысушы елдері ілгерілеуге мүдделі», - деп атап өтті Х.Махмуд 20 қазан күні Бейжің қаласында ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері бойынша өткен конференциядан кейін.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 25 маусымынан бастап ШЫҰ-ның келесі саммиті өтетін (Астана қаласында) 2017 жылдың 8-9 маусымына дейін Қазақстан Республикасы ШЫҰ-ға төрағалық етеді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығының басымдықтары ретінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық қарым-қатынасты нығайту, көліктік-транзиттік әлеуетті кеңейту және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты алға жылжыту мәселелерін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар