«Қазақстан-Сібір-2010» - Павлодардағы өндіріс көрмесі

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Бүгін Павлодарда «Қазақстан-Сібір-2010» атты халықаралық әмбебап көрме ашылады.
None
None

Металлургия, машинақұрылыс, химия, құрылыс, азық түлік және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы Қазақстанның, сонымен қатар Ресейлік Новосібір, Омбы, Кемерово, Бийск, Красноярский мен Любня қалаларының 50 кәсіпорны көрмеге өз өнімдерін қояды.

Кәсіпкерлер дөңгелек үстел барысында Ресей, Беларус және Қазақстанның Кеден одағы шартына сай аймақтық ынтымақтастықтың даму персепективаларын талқылайды.

Көрменің екі күндік жұмысы ішінде кәсіпкерлер арасында кездесулер болады. Көрменің ашылуына Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар