Қазақстан сириялық қарулы күштердің Түркия оңтүстігіндегі Акчакал ауданына оқ жаудырғанын айыптайды - СІМ

АСТАНА.  8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкеп соқтырған сириялық қарулы күштердің Түркия оңтүстігіндегі Акчакал ауданын оқ жаудырғанын қатаң айыптайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

«Біз Түркия Үкіметі мен халқына, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді білдіреміз. Орын алған оқиға аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, гуманитарлық жағдайға және Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша халықаралық қауымдастықтың күш-жігеріне қауіп төндіруде. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан екі тарапты да сабырлылыққа және шиеленістің ушығуының алдын-алу үшін баррынша қажетті күш салуға шақырады», - делінген министрліктің таратқан мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар