Қазақстан Сыртқы істер министрі ТМД Экономикалық сотының төрағасымен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының төрағасы Герман Нұрбаевпен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Сыртқы істер министрі ТМД Экономикалық сотының төрағасымен кездесті
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Кездесу барысында ТМД аясындағы құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ халықаралық шарттар нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мен Ұйым кеңістігіндегі интеграциялық процестердің тиімділігін арттыруында ТМД Экономикалық сотының рөлі талқыланды.

«Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Экономикалық соттың ТМД-ның негізгі институттарының бірі ретінде мемлекетаралық экономикалық өзара іс-қимылдың құқықтық негізін нығайтуға және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделерін қорғауға ықпал ететін маңыздылығын атап өтті», делінген министрліктің ақпаратында.

Өз кезегінде Г.Нұрбаев Экономикалық соты жұмысының ағымдағы бағыттары, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өтініштерін қарастыру тәжірибесі мен халықаралық шарттарды талқылау мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Қазақстанның ТМД органдарының қызметіндегі белсенді және сындарлы рөлін жалғастыруға, сондай-ақ ұйымның институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға бейілділігі аталып өтті.

Бұған дейін Қазақстан мен Германия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті.

Соңғы жаңалықтар