Қазақстан СІМ басшысы Украина елшісімен екіжақты ынтымақтастықты талқылады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украинаның Қазақстандағы Елшісі Виктор Майконы қабылдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
— Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша Астана мен Киев арасында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы сындарлы диалогты тереңдетуге дайындық расталды, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздің жандануына қолдау білдіретінін жазғанбыз.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы БҰҰ мінберінде Украина айналасындағы дағдарысты шешудің басты қағидатын атады.