Қазақстан – Солтүстік Македония ойынында қай елдің төрешілері қызмет атқарады

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Солтүстік Македония кездесуінде словакиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады. 

төреші
Фото: PIxabay

Кездесу жергілікті уақытымен 18:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында бас төреші қызметін Филип Глова атқарады. Оған отандастары Даниэль Полачек пен Питер Беднар көмектеседі. Қосалы төреші де сол елдің өкілі – Питер Кралович.

2026 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық футболшылар J тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн.

Қазірге дейін ел құрамасы Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырды. Әзірге отандастарымыз турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді.

Ал Солтүстік Македония құрамасы үш ойында 5 ұпай жинап, турнир кестесінде 2-орында келеді. Олар алдымен Лихтенштейнді (0:3) жеңіп, одан кейін Уэльс (1:1) пен Бельгиямен (1:1) тең түсті.
Аталған топта көш басында 7 ұпаймен Уэльс құрамасы көш бастап тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан жолдастық кездесуде отандастарымыз Беларусь құрамасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар