Қазақстан су добынан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазақстандық су добы шеберлері финалға дейін жетіп, Жапония құрамасымен жолықты.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жапониялық спортшылар 24:7 есебімен жеңіске жетті.
Ал Қазақстан командасы 2026 жылғы Азия ойындарын күміс медальмен қорытындылады.