Қазақстан сутегі бомбасын сынақтан өткізген КХДР-дың әрекетін айыптайды - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы сутегі бомбасының сынақтарын өткізуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады.
None
None

«2016 жылдың 6 қаңтарында Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы сутегі бомбасының сынақтары сәтті өткендігін мәлімдеді. Осыған байланысты, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1718 (2006), 1874 (2009), 2087 (2013) және 2094 (2013) қарарларына қайшы келетін КХДР-дың осындай іс-әрекетіне түпкілікті келіспейтіндігін және сөзсіз айыптайтындығын жариялайды», - делінген мәлімдемеде.

Ведомствоның жазуынша, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ ) XIV бабы бойынша 9 конференциясына Жапониямен бірге тең төрағасы болып табылатын Қазақстан КХДР-дың бұл iс-әрекеттері халықаралық қоғамдастықтың ядролық қарусыздануға, жалпы қаруды таратпау режимін және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосып жатқан күш-жігеріне елеулі нұқсан келтіреді және аталған шарттың қабылдануына қатысты халықаралық қауымдастықтың жасап жатқан істерге зиянын тигізеді деп есептейді.

«Ядролық қарудың бүкіл нәубетін сезінген Қазақстан, өз еркімен ядролық арсеналдарды ие болудан бас тартқан ел ретінде, БҰҰ Бас Ассамблеясында 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні ретінде жариялау туралы қаулыны қабылдаған мемлекет ретінде, әлемде ядролық сынақтардың толық тыйым салуды құптайды, сонымен қатар ҚХДР-ды ядролық менмендіктен бас тартуға және жедел түрде Қытай, Ресей , АҚШ, Корея Республикасы мен Жапония қатысуымен алты жақты форматтағы ядролық мәселе бойынша келіссөздерді қайта жалғастыруға үндейді», - дейді ҚР СІМ.

Министрліктің жазуынша, Қазақстан ұстанымы бойынша, қауіпсіздік пен тұрақты дамуға кілті ядролық қару емес, халықаралық қатынастарда бейбіт келіссөздер және өзара тиімді ынтымақтастық екендігіне кәміл сенімді.

«Жаһандық қауіпсіздіктің кепілі әлемді ядролық қарудан азат ету арқылы қол жеткізіледі. Бұған біздің еліміз бен 21-ші ғасырда адамзатты ядролық қарусыз қоғам құруға шақырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүйелі үндеп келеді», - делінген мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар