Қазақстан сұйытылған мұнай газ тапшылығын 2030 жылға қарай шешпек

АСТАНА. KAZINFORM – Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында сұйытылған мұнай газ өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлім етті.

Ақтөбе өңірінде 27 ауылға газ барады
Фото: Ақтөбе әкімдігі

«Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газ тапшылығы мәселесін 2030 жылға қарай жабу көзделеді. Осы орайда Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында сұйытылған мұнай газ өндірісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша Қашағаннан жылына 800 мың тонна, Қарашығанақтан шамамен 600-700 мың тонна сұйытылған мұнай газ өндіріледі. Менің ойымша, тапшылықты біз 2030 жылға қарай шешеміз», - деді Әлібек Жамауов Мәжіліс отырысында. 

Айта кетейік, таяуда Қашаған сұйытылған газын жеткізу туралы шартқа қол қойылды

Еске сала кетейік, былтыр елімізден сұйытылған мұнай газы экспортына тыйым салынатыны айтылған еді. 

Айта кетейік, Атырауда сұйытылған мұнай газын сақтайтын серіктестіктің 955 млн теңге табысы тәркіленді

Соңғы жаңалықтар