Қазақстан ІТ мамандары ойлап тапқан қандай стартаптар шетелде табысқа жетті

Жаслан Мәдиев
Фото: Мәжіліс отырысының трансляциясынан скриншот

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке Мәжіліс отырысында депутат сауалына жауап бере отырып, шетелде табысқа жеткен қазақстандық ІТ-стартаптарды атады.

«Өзіңіз айтқандай, қазір экспортқа шығаруға болатын дайын шешімдердің жақсы мысалдары бар. Бұл: деректерді сараптауға арналған Smart Data Ukimet платформасы, мемлекеттік ақпарат жүйелерімен интеграция жасауға мүмкіндік беретін Smart Bridge жүйесі, мемлекеттік органдардың уеб-сайттарын бірыңғай форматта құрастыруға арналған ЕПИР жобасы. Бұл жобалардың бәрі Ұлттық ақпараттық технологиялар ұйымында орналасқан», - деді ведомство басшысы.

Жаслан Мәдиев өздігінен халықаралық нарыққа шығып үлгерген стартап-жобалар бар екенін атап өтті.

«Қазір 8 елдің 300 мектебінде жұмыс істеп тұрған CodePlay жобасын бөлек атауға болады. Бұл ІТ қоутыға арналған, LEGO-ның арзандатылған нұсқасы бар. Қолдағы күре тамыр арқылы адамды ажырататын Alaqan стартабы бар. Бүгінде бұл жоба авторлары Сауд Арабиясында лицензия алумен айналысып жатыр. «Jet» стартабы да 8 елде жұмыс істеп тұр. Бұл самокаттардың Uber-і деуге болады. Олардың паркінде 30 мың самокат бар. Қазір табыс деңгейіне шыға бастады. Сондай-ақ, «1 Fit» стартабы бар. Бұл стартап Малайзияда ең көп жүктелетін қосымшалардың бірі болып отыр. Сондықтан өзгелерге көрсетуге болатын жақсы ІТ шешімдер бар», - деді Ж. Мәдиев.

Соңғы жаңалықтар