Қазақстан Таиландпен туризм, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты арттыра түсуге әзір - Н.Назарбаев
Таиланд Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесі болып саналады. Астана мен Бангкок арасындағы өзара іс-қимыл, өзара түсіністік және сенім ыңғайында дәстүрлі түрде дамып келеді. Таиланд басшылығына Азиядағы өзара іс-қимыл, сенім шаралары кеңесі үдерісін, Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясындағы дінаралық диалогты нығайтуға қосқан ықыласты үлесі үшін зор ризашылығымды білдіремін», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президентінің атап өтуінше, Қазақстан Таиландпен туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік қарым-қатынасы жөніндегі логистика бойынша жемісті ынтымақтастықты арттыра түсуге әзір.
«Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы тығыз қарым-қатынас сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін керемет мүмкіншілікке жол ашып отыр», - деді Елбасы.
Сөз соңында Елбасы Елшілерді дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, қызметтеріне табыстар тіледі, алда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президентіне БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура, Израиль Елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Елшісі Икром Назаров, Әзербайжан Елшісі Рашад Маммадов, Таиланд елшісі Нат Пиньоваттаначип сенім грамотасын табыс еткен болатын.