Қазақстан тарихында тұңғыш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі елімізде өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 26-29 наурыз аралығында Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде беделді халықаралық турнир жалауын көтереді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

семсерлесу
Фото: ҚР ҰОК

Жарысқа әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Әлем кубогының кезеңі ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сындар бойынша ұйымдастырылады.

— Мен семсерлесумен алғаш айналыса бастаған кезде, Әлем кубогының бір кезеңі Қазақстанда өтеді деп елестете де алмаған едім. Біз үшін мұндай турнирлер әрдайым алыс елдерде — Италия, Франция, Венгрия секілді семсерлесу дәстүрі қалыптасқан мемлекеттерде өтетін, әлемнің үздік спортшылары сонда жиналатын. Бүгін біз Әлем кубогының маңызды кезеңдерінің бірін өз елімізде қабылдап отырмыз. Бұл — ел үшін де, қазақ семсерлесуі үшін де зор мақтаныш. Мұндай ірі жарыстар жайдан-жай сеніп тапсырылмайды. Бұл — біздің деңгейіміздің мойындалғанын білдіреді. Сондықтан біз, спортшылар үшін, тек шетелде ғана емес, өз жерімізде де сол деңгейге сай өнер көрсету — үлкен жауапкершілік, — деді Руслан Курбанов.

Еске салсақ, жақында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында семсерлесуден қола медаль иеленді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум