Қазақстан Тәуелсіздігі шежіресінің 50 томдығы таныстырылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан Республикасы» атты 50 томдық тарихи-деректі еңбектің соңғы 10 томдығының тұсаукесері өтті.
None
None

«Алдарыңызда тұрған 50 томның өзі 4 сериядан тұрады. Біріншісі - «Тәуелсіздік шежіресі». «Тәуелсіздік шежіресі» - Тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы қол қойған маңызды тарихи құжаттар, Заңдар, өзге де бағдары үлкен құжаттардың жиынтығы. Бұл 1991 жылдан басталып, 2001 жылға келіп аяқталады. Қазақ және орыс тіліндегі еңбек 6 том», - деді жоба авторы мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, «Елбасы жолдады - ел қолдады» деп аталатын келесі серия 2 томнан тұрады. Онда Елбасының халыққа Жолдаулары топтастырылған.

«Үшінші серия - «Елмен сырласу». Бұл - Елбасының сөйлеген тарихи сөздері, жасаған баяндамалары, берген сұхбаттары. Ол да 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Еңбек 21 томнан тұрады», - деді ол.

М.Жолдасбековтің айтуынша, 4-ші серия «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» деп аталады. 21 томнан тұратын аталған еңбектерде әлем жұртшылығының еліміз жайлы, Елбасымыз жайында айтқан пікірлері жинақталған.

Көптомдықтың таныстырылымына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары мемлекет және қоғм қайраткерлері, саясаткерлер мен ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар