Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізуге арналған мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізуге арналған мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.
None
None

Комиссия жұмысына Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысты. Айта кетейік, Елбасы 2011 жылды «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы!» атты ұранмен мерекеленетінін жариялады. Осы орайда Қ. Саудабаев Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты іс-шаралардың өңірлік және республикалық деңгейде өткізудің нақты міндеттер белгілегенін айтып өтті. Мемлекеттік хатшының сөзіне қарағанда, мемлекеттік комиссияның аясында атаулы 20 жылдықты мерекелеуге байланысты төрт жұмыс тобы құрылды. Атап айтқанда ҚР Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ұйымдастыру, құқтықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобына жетекшілік етеді. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев ақпараттық қолдау, қоғамдық-саяси мазмұндағы шараларды өткізуді, ал ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу мәселелерін қадағалайды. Сондай-ақ Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елордадағы мерекелік шараларды өткізу тұрғысындағы жұмыс тобына жетекшілік етеді.

Соңғы жаңалықтар