Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған деректі фильмдер фестивалі өтіп жатыр

АТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Алматы қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған деректі фильмдер фестивалі өтіп жатыр.
None
None

Фестивальді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отыр.

«Соңғы жылдары Қазақстанның кино саласы қарқынды дамып келеді. Ол бәріне анық. Мұнда тек көпжанрлы көркем фильмдер ғана түсіріліп қоймай, сонымен қатар, жыл сайын мәдениет, ғылым саласын қамтитын 40-қа жуық деректі фильмдер де түсіріліп жатқаны белгілі. Қазақстанда және Орта Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» атты фестиваль соның айғағы іспетті» - дейді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы Дидар Амантай.

Бұл деректі фильмдер наурыз айының 1-і мен 7-сі аралығында «Цезарь» кинотеатрында көрсетілетін болады. Бір апта бойы көрермендер назарына елге, өнерге бар өмірін арнап, қалтқысыз қызмет еткен ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертетін фильмдер ұсынылатын болады. Олар: «Қорқыт - күй тарихы», «Мұхтар Әуезов - Триумфатор трагедиясы» (2 бөлім), «Нұрмұхан Жантөрин», «Әбіш Кекілбаевтың әлемі», «Төрегелді Шарманов - Әлем азаматы», «Өмір - Дастан» (Сәбит Оразбаев), «Бибігүл Төлегенова - Аңыз адам портреті».

Көрермендер көрсетілім барысында фильмнің кейіпкерлері, режиссерлары, сондай-ақ, фильмге қатысы бар тұлғалармен пікір алмасып, сұхбаттаса алады.

Соңғы жаңалықтар