Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көркем пошта маркасы айналымға шықты

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгінен бастап ел аумағында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көркем пошта маркасы айналымға шықты.
None
None

Марканың тұсаукесері бүгін ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев пен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың қатысуымен болып өтті.

Аркен Арыстановтың айтуынша, аталмыш марка - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналып отырған мерейтойлық пошта маркаларының 2-шығарылымы. «Дәл осы сынды ең алғашқы марка Ел Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай басылған болатын. Жалпы 20 жыл ішінде Қазақстанда 747 пошта маркаларының топтамасы шықты», - дейді ол.

Марка 4 түсті офсеттік тәсілмен дайындалған, номиналы - 32 теңге, көлемі - 28х30 мм, таралымы - 30 000 дана, суретшісі - Николай Соколов. Пошта маркасымен қатар алғашқы күннің хатқалтасы және арнайы пошта мөртабаны жасалды.

«Осындай мерейтойлық маркалар, әсіресе хатқалталар филателистердің арасында өте танымал. Жақында шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Карповтың жастайынан марка жинайтынын естідім. Оның коллекциясы бүгінде 100 миллион еуроға жетіпті. Мүмкін марка жинауды енді ғана бастап жүргендер үшін бүгінгі ҚР 20 жылдығына арналған марка оның коллекциясындағы алғашқы маркасы да болып қалуы ғажап емес», - дейді А. Арыстанов.

Соңғы жаңалықтар