09:14, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізіліп отырған PR-марафонында Өскемен қатысушы-қалалар төрттігіне кірді
КЕМЕН. 23 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бірінші республикалық PR-марафонына қатысатын Қазақстан қалаларының төттігіне кірді.

Шара 9-шы жыл сайынғы Eurasian PR-Event аясында өтеді, деп хабарлады оны ұйымдастырып отырған «Ренессанс» PR-агенттігі.
Марафон аясында, Алматы, Астана, Атырау және Өскемен қалаларында халықаралық және қазақстандық сарапшылардың шеберлік сабақтары өтеді. PR-марафонына қатысушылар қалалар арасында бейнебайланыс орнату арқылы нақты уақыт режимінде оның қалай өтіп қватқанын көріп, баланыс жасап отырады.
Шара барысында 29 қараша күні Астана мен Атырау қалаларының арасында, ал жоба қорытындысы бойынша 2 желтоқсанда Алматы мен Өскемен қалалары арасында баспасөз көпірі өтеді.