Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Өз елім» атты суретшілер форумы өтеді

Мәдени іс-шараның мақсаты - Қазақстан тақырыбындағы жаңа шығармаларды жасауға ынталандыру және суретшілердің шығармашылық әлеуетін таныту, отандық суретшілерді қолдау, бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнердің үздік жетістіктерін насихаттау, ұлттық мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншілікті және қазақстандық патриотизмді дамыту, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Атап айтқанда, 26 қарашада Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Өз елім» суретшілер форумының ашылуы және пленарлық отырысы өтеді.
Форумға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкімет өкілдері, депутаттар, сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағы, мен Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшелері, шетелдік өнер қайраткерлері (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) қатысады деп күтілуде.