Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы үлкен идеологиялық маңызға ие - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тәуелсіздіктің 20 жылдығын экономикада, әлеуметтік салада және ғылым мен мәдениетте жаңа жетістіктермен қарсы алу керек.
Бүгін Астанада, Тәуелсіздік сарайында өткен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ-ші съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз үшін алдағы екі жылдан кейін келетін айырықша оқиға - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы үлкен идеологиялық маңызға ие. Бұл атаулы мерейтойға түпкілікті дайындалу жауапты міндет саналады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын мерекелеу Қазақстан мемлекеттігін және отансүйгіштікті күшейтуге себепші болуы тиіс», - деді Елбасы. Президент бұл атаулы күнді экономикада, әлеуметтік салада және ғылым мен мәдениетте жаңа жетістіктермен қарсы алуы керектігін қадап айтты. Осы орайда Н. Назарбаев, «Тәуелсіздікті мерекелеу қарсаңындағы дайындық аясында ел азаматтарының бойына Отанның лайықты болашағына, қоғамдағы тұрақтылыққа деген сенімділікті ұялату қажет», - деп түйіндеді өз сөзін.
Соңғы жаңалықтар