Қазақстан Тәуелсіздік арқылы өз жерінде өз тағдырын шешу мүмкіндігіне ие болды - ҚХА

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған салтанатты жиынындағы сөзін қолдау туралы үндеу жариялады.
None
None

*** Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» туралы сөзін ерекше ыстық ықыласпен қабылдады.

Мемлекет басшысы халықтың өз тағдыры мен болашағын дербес айқындайтын еркін де егемен елде, бейбітшілік пен келісімде, өзара ынтымақта өмір сүруге деген таңдауының тарихы тереңде жатқанын атап өтті.

Біз Қазақстанның Тәуелсіздік алуы - ұлы тарихи әділеттіліктің орнауы деп сенеміз. Осы арқылы біздің халқымыз сарқылмас Рухани күш-қуатқа, өз жерінде өз тағдырын шешу мүмкіндігіне ие болды.

Шын мәнінде Біздің еліміздің жұлдызы оңынан туған!

Мемлекет басшысының салиқалы және бейбітшілік пен келісімге бағытталған саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары біздің халқымыз жаңа Қазақстанды құруда.

Біз еліміздің әрбір азаматының дүниеге келуімен, әрбір шаңырақтағы қоныс тойымен, іске асқан әрбір индустриялық жобамен, еңбекқор алақан мен күн нұрынан қуат алған қазақстандық егінмен бірге біздің Тәуелсіздігіміз нығая түсетініне сенімдіміз.

Біз өзімізге, ата-бабаларымыздың төккен қаны мен терімен жеткен Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығы мен тұғырлылығына сенімдіміз. Себебі, біз әрқайсымыз және жалпы Қазақстан халқы, Отанымыздың қасық қанымыз қалғанша қорғауға, оның гүлденуі мен кемелденуі үшін тынбай еңбек етуге дайын!

Біздің Тәуелсіздігіміз, Елбасының жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатында, біздің халқымыздың ұлы достығы мен бірлігінде, оның қонақжайлылығы мен кең пейілдігінде, оның қайталанбас тарихы мен сан қырлы мәдениетінде көрініс тапқан халықтың даналығына негізделеді.

Біздің Тәуелсіздігіміз «Қазақстан - 2050» стратегиясы, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы және халықтың өмірлік философиясы - Мәңгіліе Ел идеясы арқылы болашаққа ұмтылуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы торлығымен «Тәуелсіздік толғауын» қолдайды және Қазақстан халқын Елбасының айналасына ұйысуға шақырады.

Біз жастарды осы айтылған қарапайым және түсінікті шындықты терең ұғынуға шақырамыз. «Тәуелсіздің толғауы» орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындары студенттері тарапынан міндетті түрде оқылуы тиіс.

Президенттің рухты сөзі біздің халықты жаңа биік белестерге жетелеп, өз күшімізге, ертеңгі күнімізге деген сеніміміздің діңгегіне айналып, қуатты және гүлденген Қазақстанды құруда шабыттандырады деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар