Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде 108 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартты - Н. Назарбаев

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде 108 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартты.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен қазақ-түрік бизнес-форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының айтуынша, бұл Орталық Азия елдерінің экономикасына тартылған жалпы инвестицияның 80 пайызын құрайды. Мемлекет басшысы Қазақстан мұндай сенімге тәуелсіздік жылдары ішінде дұрыс жүргізілген реформалардың арқасында қол жеткізгенін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ соңғы болған әлемдік экономикалық қаржылық дағдарысты Қазақстан табысты еңсергенін атап көрсетті. «Соңғы жылдарда, 2008 жылға дейін Қазақстан экономикасы жылына 10 пайыздық деңгеймен өсті. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің көлемі 8 мың АҚШ долларына жетті. Осындай жетістіктердің арқасында біз соңғы әлемдік дағдарыстан да өттік. Рецессияға жол берген жоқпыз. 2009 жылы экономикада 1,2 пайыз өсімге қол жеткіздік. Ал 2010 жылдың алғашқы 4 айында ішкі жалпы өнімнің өсімі 7,6 пайызды құрады», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар