Қазақстан Тәжікстан Қарулы Күштерінің қалыптасуына жәрдемдеседі - Мәжілістегі заң жобасы

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Аталған келісімге 2009 жылғы қарашаның 10-інде Душанбе қаласында қол қойылған болатын.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан тарапынан берілетін өтеусіз әскери көмек Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі. Аталған келісімді жүзеге асыру үшін тараптар уәкілетті органдарды тағайындайтын болады. Бұл ретте Қазақстан тарапынан - ҚР Қорғаныс министрлігі, Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Қорғаныс министрлігі уәкілетті орган болып белгіленеді. Ал Қазақстаннан берілетін мүліктер саны мен тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада айқындалады. Бұдан бөлек, Тәжікстан Қазақстан тарапынан алдын ала жазбаша келісімін алмай, Қазақстаннан алған мүліктерді немесе оларды пайдалануға арналған құқықты үшінші тарапқа бере алмайды.

Енді құжат Сенаттың қарауына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар