Қазақстан Тәжікстанға 1 гектар жерді 1 теңгеге жалға береді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара  беруді көздейтін заң жобасы Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Мұндай шешім бүгін ҚР Парламенті  Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Отырыста «Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасында дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара  беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ҚР Сыртқы  істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев таныстырды.  

«Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастар екі ел Тәуелсіздік алған сәттен бастап достық әрі страгиялық әріптестік рухында дамуда. Жоғары деңгейдегі кездесулер, түрлі халықаралық алаңдарды қоса алғанда тұрақты түрде өткізілуде. 2018 жылғы 14 наурыздағы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары екіжақты әрекеттесуді жандандыруда сапалы қадам болды»,-  деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу жер телімдерін өзара беру туралы келісімге Тәжікстан Сыртқы істер министрі Зарифидің 2010 жылғы 24  тамыздағы ресми сапары барысында Астана қаласында қол қойылған.

«Бұл келісім - екі елде дипломатиялық өкілдіктердің болуы және жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ететін маңызды құжат. Келісімге сәйкес, тәжік тарапы қазақстандық тарапқа Қазақстан елшілігінің ғимаратын салу үшін Душанбе қаласындағы Сомони даңғылы бірінші дипломатиялық қалашықтағы жалпы алаңы 1 гектар жер учаскесін беретін болады. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылына 1 сомони мөлшерінде жалдау ақысы төленеді. Өз кезеңінде Қазақстан тепе-теңдік негізінде тәжік тарапына Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде орналасқан жалпы алаңы бір гектар жер телімін береді. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылдық ақысы 1 теңге», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ержан Ашықбаевтың айтуынша, келісімнің үшінші бабына сәйкес, жер учаскелері борыштардан, ауыртпалықтардан және үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос түрде беріледі. Келісім 49 жыл бойы қолданыста болады. Егер тараптардың бірі дипломатиялық  арналар арқылы  екінші тараптың оның қолданысын ұзартпай ниеті туралы ағымдағы 49 жылдық кезең аяқталғанға дейін кемінде 1 жыл бұрын хабардар етпесе келесі 49 жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады. ҚР Жер кодексі 6 бабының 7 тармақшасына сәйкес басқа мемлекеттердің Қазақстан аумағындағы жер пайдалану құқығы ҚР бекіткен халықаралық  шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

«2017 жылғы мамырда Астана қаласының әкімдігі аталған учаскені сегменттеу бойынша жұмысты аяқтап, жер телімі мемлекеттік меншікке өтті. Осыған орай қазақстандық тарап  аталған келісімді ратификациялау бойынша рәсімді бастаған болатын. Келісімнің 13 бабына сәйкес тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енетін болады. Тәжікстан Парламенті келісімді 2014 жылғы 1 қазандағы қаулысымен қабылдағанын атап өткен жөн», - деді ол.

Комитет мүшелері заң жобасын Сенаттың жалпы отырысына шығаруға бірауыздан келісті.

Соңғы жаңалықтар