Қазақстан тек өңірлік қана емес, сондай-ақ ғаламдық халықаралық саясатта да беделді және ықпалды мемлекет болып отыр - Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Н.Әл-Араби

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың еліміздің Мысырдағы елшісін Араб мемлекеттері лигасындағы (АМЛ) тұрақты өкілі ретінде тағайындау туралы арнайы хатын тапсыру мақсатында 
None
None

5 наурызда Қазақстанның Каирдегі Елшісі Берік Арын АМЛ Бас хатшысы Нәбил Әл-Арабимен кездесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады

Сұхбат барысында Елші еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттары, соның ішінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер, сондай-ақ Қазақстанның маңызды сыртқы саяси бастамалары, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Ислам ынтымақтастық ұйымындағы ҚР төрағалығы туралы айтып өтті.

Б.Арын араб әлемінде және халықаралық сахнада салмақты рөл ойнайтын АМЛ-мен және араб елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға Қазақстанның мүдделілігін қуаттады. Осы ретте бірқатар араб елдерінде Қазақстанның жаңа дипломатиялық өкілдіктері ашылуы жоспарланып отырғандығы туралы хабарлады.

         АМЛ Бас хатшысы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын жоғары бағалап, осының арқасында Қазақстан тек өңірлік қана емес, сондай-ақ ғаламдық халықаралық саясатта да беделді және ықпалды мемлекет болып отырғандығын атап өтті. Бұған дәлел ретінде ҚР-дың 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына және 2011-2012 жылдары Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне табысты төрағалығын келтірді.

         Н.Әл-Араби Қазақстан басшылығына палестина халқының заңды құқықтарына және Таяу Шығысты бейбіт реттеу үрдісіне қатысты БҰҰ қарарларына тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырғаны үшін ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ этникааралық және дінаралық келісім мен бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстан тәжірибесіне, Елбасының бастамасымен өткізіліп жүрген Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының Астанадағы съезіне зор қызығушылық танытты.

Сонымен қатар кездесу барысында тараптар Сауд Арабиясының бастамасымен 2012 жлғ қазан айында Эр-Рияд қаласында өтуі жоспарланған «Араб және Орталық Азия елдері + Әзірбайжан экономикалық форумына» қатысты және де Астанада АМЛ-дың өңірлік өкілдігін ашу төңірегіндегі мәселелерді талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар