Қазақстан телеарналарында хабар тарату қашан қалпына келтіріледі

Таратылған мәліметке қарағанда, байланыс және телеарна хабарын тарату операторларына қызмет көрсету сервисін қалпына келтіру 16 қыркүйекте шамамен сағат 12:00-ге жоспарланған.
«KazSat-3» ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді», - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұрғанын мәлім етті.
Сонымен қатар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.