«Қазақстан Темiр Жолы» 2013 жылдың соңына дейін ребрендинг өткізеді

МӘСКЕУ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдың соңына дейін «Қазақстан Темiр Жолы» ҰҚ» АҚ Ұлттық көлік-логистикалық операторын құру бойынша ребрендинг жүргізеді.
None
None

Бұл туралы 30-31 мамырда Сочиде өтіп жатқан VIII «Стратегиялық серіктестік 1520» халықаралық теміржол бизнес-форумында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ президенті - Басқарма бастығы Аскар Мамин мәлім етті.

Ол Қазақстан Еуропа мен Азия нарықтары арасында тасымалдауды бөлуге белсенді қатысып отырғанын және осы бағытта өз рөлін кеңейтуді жоспарлап отырғанын еске салды.

«Бүгінгі таңда ҚТЖ басқа көлік түрлерінің активтерін бір қолға шоғырландырып отыр. Бұл әуежай инфрақұрылымы да, бұл Каспий теңізіндегі порттық инфрақұрылым», - деді А.Мамин.

«Біздің жоспарларымыз толығымен теңіз, порт және әуежай инфрақұрылымының дамуымен өзара байланысты, - деді ҚТЖ басшысы. - Біз алғашқы қадамдарды жасап та жатырмыз және біз нарықта бірыңғай көліктік компания ретінде орын аламыз. Ағымдағы жылдың аяғына дейін компанияның тиісті ребрендингі өткізілетін болады».

Ол, сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Кедендік Одақта бірыңғай логистикалық оператор құруы шеңберінде контейнерлік тасымалдауларды қамтамасыз етудің бірыңғай тарифтік саясаты және бірыңғай тұтас жүйесі туралы бірқатар мәселелерді шешу керектігіне тоқталды.

«Стратегиялық серіктестік 1520» бизнес-форумы темір жол мәселелері жөніндегі мамандандырылған халықаралық форум болып табылады. Форум жұмысында әлемнің 25 елінен 1000-нан астам өкіл қатысуда.

Соңғы жаңалықтар