«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Ж.Құлекеевтің ісі қайта қаралмайды - Қаржы полициясы

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бұрынғы тергеуші Дамир Орманбетовті қылмыстық іске тартуға байланысты, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсылық Құлекеевтің ісі қайта қаралмайды.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ж.Құлекеевке қатысты қылмыстық іс қайта қаралмайды, себебі Орманбетовке тағылып отырған айыптар, оның ісіне еш қатысы жоқ. Орманбетовтің ісі бүгінде Бас прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен құрылған жедел-тергеу тобымен тергелуде. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша толық айып тағылатын болады», - деп атап өтті ол.

Мәлім болғандай, Ж.Құлекеевтің ісін тергеген бұрынғы тергеуші Д.Орманбетов Алматы қаласында ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік, қаржы полициясы органдарының бұрынғы қызметкері Д.Орманбетовке бюджеттік қаражатты ұрлады деген сырттай айып тағылып, оған үстіміздегі жылғы мамыр айында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар