«Қазақстан темір жолы» мен «QazaqGaz» қашан IPO-ға шығарылады

АСТАНА. KAZINFORM – Келесі жылы «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» компаниясы IPO-ға шығарылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан мәлім етті. 

IPO
Фото: Kazinform

«2021-2025 жылдарға Үкіметтің қаулысымен бекітілген жекешелендірудің жоспары бар. Сол жоспарға сәйкес, 2025 жылы «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» ұлттық компаниясы IPO-ға шығарылуы керек. IPO-ға шығуда негізгі екі факторы қаралады. Біріншіден, компанияның макроэкономикалық жағдайы жақсы болуы керек. Екіншіден, компанияның оған дайындығы. Мәселен, Air Astana әуе компаниясы IPO-ға шығуға 2017 жылы дайын болды, бірақ, 2020 жылы коронавирус инфекциясы етек жайып, конкурс кейінге шегерілді», - деді Салтанат Сәтжан Сенатта өткен жиын барысында.

Еске сала кетейік, 9 ақпанда Air Astana-ның құнды қағаздары LSE және AIX-та сатылымға шығарылған еді

Айта кетейік, бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарының шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің акцияларын орналастыру мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар