Қазақстан теңгесі өзінің туған күнін атап өтуде

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Қазақстанның ақша бірлігі - теңге өзінің «кәмелеттік жасқа толуын» атап өтуде. Елдің Ұлттық валютасы 15 қараша күні 18 жасқа толды.
None
None

Теңгенің тарихы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылдың 12 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығынан басталды. Ал 15 қарашадан бастап ол ҚР айналыстағы жаңа төлем қаражаты мен есеп айырысу қаражаты ретінде айналымға енді. Сол кезде Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік экономикасының қалыптасуы да басталды.

«Ұлттық валютаны енгізу елге өзіндік және тәуелсіз саясатты жүргізуге, сондай-ақ тұрақты экономиканың құрылысына бағытталған құрылымдық қайта жаңаруларды жылдамдатуға жағдай жасады. Бүгінгі күні теңге - ТМД елдеріндегі тұрақты валюталардың бірі болып табылады. ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығында теңгенің «кәмелеттік жасқа толуын» мерекелеу маңызды мәнге ие», - деді Астанада өткен «Ұлттық валюта - ҚР Тәуелсіздігінің символы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда «ҚР Ұлттық банкі» ММ Орталық филиалы директорының орынбасары Татьяна Гушинюк.

Оның айтуынша, 15 қарашада сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері күнін атап өту де дәстүрге енген.

Соңғы жаңалықтар