Қазақстан теннис федерациясы спорттың осы түрін өңірлерде дамытуға кірісті
Оның айтуынша, екі-үш жыл бұрын қажетті инфрақұрылым мен материалдық-техникалық база тиісті деңгейде болмағандықтан облыстарда теннисті дамыту жайында айту қиындау болған еді.
«Біз ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттар мен міндеттерді айқындадық, осыған сәйкес ҚТФ-ның назары енді өңірлерге ауысуда. Бұл тұрғыда федерация президенті нақты тапсырмаларды жүктеді. Қазіргі кезде өңірлерде теннис орталықтары құрылысының екінші кезегі жалғасуда. Жақында Орал қаласында жаңа теннис орталығын ашу жоспарланып отыр»,-деді ол.
Осы орайда Д. Досқараев бүгінде облыстарда таланттар мен болашақ чемпиондарды іздеуге ерекше басымдық беріліп отырғандығын атап өтті. Белгілі болғандай, өңірлерде республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларды өткізу міндеті қойылды.