Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирдің алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі басталды. Додада Азия, Африка, Америка мен Еуропадан келген 235 спортшы бақ сынап жатыр.

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі басталды. Додада Азия, Африка, Америка мен Еуропадан келген 235 спортшы бақ сынап жатыр.
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, турнирдің алғашқы күнінде 17 жасқа дейінгі және 13 жасқа дейінгі санаттағы теннисшілер жарыс алаңына шықты. Бұл санаттарда Қазақстан намысын 44 спортшы қорғады.

17 жас, ұлдар:

Бақдәулет Саурбай жарысты 1/16 финалда аяқтаса, Нұрислам Қасым 1/8 финалға дейін жетті.

17 жас, қыздар:

Дарья Фу, Нұрсая Нұрман және Мария Лукьянова 1/16 финал кезеңінде жарыстан шығып қалды.

13 жас, ұлдар мен қыздар:

1/8 финалға шығып, медаль үшін күресті жалғастырып жатқан спортшылардың қатарында: Андрей Мочалкин, Әміржан Сапаралы, Олег Яковлев, Нұрдәулет Азаматұлы, Абылайхан Ермаханұлы, Абай Жұмағұл, Жәния Бекмұхамбетова, Арайлым Сапабек, Шохина Миркодирова, Шодиёна Камилжанова және Томирис Рамазан.

Айта кетейік, таеквондошы Самирхон Абабакиров 2025 жылғы Универсиадада екінші медалін жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар