16:48, 26 Шілде 2015 | GMT +5
Қазақстан ТМД Атқарушы комитетінде өтетін фотокөрмеге қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қыркүйекте Кеңес одағы халқының ҰОС-ындағы Жеңісінің 70 жылдығына, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының арналған «Соңғы дүниежүзілік соғыс: бейбітшілік жолында есте сақтау» атты фотокөрмесі өтеді, деп хабарлады БЕЛТА.
Шара ТМД Атқарушы комитетінің ғимаратында өтеді. Көрме экспозициясы бұрынғы Кеңес Одағының әр республикаларынан соғыс жылдарындағы бірегей суреттерден тұрады, әрі ол Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты тоғыз мемлекеттің бірлескен жобасы ретінде ұйымдастырылды. Көрмені Беларусь Сыртқы істер министрлігі мен ТМД Атқарушы комитеті басшылығының өкілдері ашады. Рәсімге Достастық мемлекеттерінің тұрақты өкілдері, сыртқы саяси ведомстволар қызметкерлері мен басқа да қонақтар қатысады.