Қазақстан ТМД-дағы төрағалығын Қырғыз еліне табыстайды (ФОТО)

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай курорттық аймағында өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
None
None

еліміздің бұл ұйымға төрағалығы аяқталатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына Қазақстанның төрағалығы аяқталады. Шындығын айтайын, біздерге экономикалық тұрғыда өте қиын кезең тура келді. Бірақ, біз өз миссиямызды орындауға тырыстық. Достастық аясында жоспарланған барлық шара өткізілді», - деді ҚР Президенті. ҚР Президентінің атап өтуінше, таяу күндері елордада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялыларының 10-шы мерейтойлық форумы, сонымен қатар Душанбеде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өткізіледі. «Бұл шаралармен біз өз төрағалығымызды аяқтаймыз. Осы сәтті пайдаланып, Достастықтағы барлық серіктестерімізге түсіністіктері үшін, ТМД-дағы біздің төрағалығымызға қолдау білдіргені үшін алғысымды айтқым келеді», - деді Н.Назарбаев. Айта кетейік, ТМД-ға төрағалық Қазақстаннан Қырғызстанға ауысады. Ал Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2016 жылдың 16 қыркүйегінде қырғыз елінде өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар