Қазақстан ТМД елдеріне мұнай мен газдың экспорттық баждарын қолдану құқығына ие болады

АСТАНА.  4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата  депутаттары «Еркін сауда аймағы туралы шарттты ратификациялау туралы» заңын қабылдады.
None
None

Шарттың мақсаты ТМД елдері арасындағы тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ ДСҰ қағидаттарын ескере отырып, мемелкетаралық сауда қатынастарының құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.

«ТМД мемлекеттері Қазақстанның дәстүрлі сауда әріптестері болып табылады. Олардың үлесі еліміздің сауда айналымының төрттен бір бөлігіне, яғни 35 млрд. долларды құрайтын. Оның ішінде ең ірі сауда әріптестеріміз  Ресей - 23 млрд. доллар және Украина - 4,4 млрд. долларды құрап отыр. Ал қаралып отырған келісім елдер арасындағы саудалық қарым-қатынасты реттейтін сұрақтарды толығымен қамтиды», - деді заң жобасы бойынша баяндаған экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев. 

Жалпы алғанда шартттың ережелері тауарлардың жекелеген түрлерін қоспағанда, іс жүзінде барлық тауарлармен бажсыз сауда жасауды айқындайды. Мәселен, Украинадан ақ қант пен арақтың импортына қатысты баждар қолданылады. Бұдан басқа, шарт тауарлардың жекелеген түрлеріне, олардың қатарында мұнай өнімдеріне, қара және түсті металдар сынықтарына, рапс және күнбағыс тұқымдарына, табиғи газ бен өзге де газдарға экспорттық баж қолдануға Қазақстанның құқығын бекітеді.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар