Қазақстан Трансшекаралық өзендер жөніндегі келісімді әзірлеу қажеттілігі туралы Қытайдың есіне салды

БЕЙЖІҢ.  Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ -   Қытайға жұмыс сапарының аясында  Қазақстанның  Қоршаған ортаны  қорғау министрі Нұрғали Әшімов сәрсенбі күні  Бейжіңде қытайлық әріптесі  Чжоу  Шэньсянмен келіссөз өткізді.
None
None

 ҚазАқпараттың Қазақстанның Қытайдағы Елшілігіне сілтеме  жасап хабарлауынша,   келіссөз барысында  тараптар  екі елдің  табиғатты қорғау саласындағы өзара іс-қимылдарының  өзекті  мәселелерін талқылады.   Қазақстан-Қытай   ынтымақтастығы  комитетінің  жанынан   Қоршаған ортаны   қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі  кіші комитет  құру    туралы мәселені  бірлесіп   әзірлеу туралы келісімге  қол жеткізілді.

Қорғас   трансшекаралық   өзенінің  ластану проблемасы   келіссөзге арқау  болған өзекті  мәселелердің бірі  болды.  Н.Әшімов  Қытай министрінің  назарын     Қазақстан   Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның     арасында  қол жеткізілген   Трансшекаралық   өзендердің су  сапасын бақылау  және   олардың ластануының алдын  алу  туралы  қазақстан-қытай келісімінің   жобасын  2009-да  жыл   бойына әзірлеу  және      келісу  жөніндегі  келіссөздерді     уақытында және  жан-жақты  жүзеге асырылуының  маңызына    аударды. Оған қоса тараптар    Қоршаған ортаны   қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы  екіжақты келісімнің  жобасын  жеделдетіп қарау  мәселесі  бойынша мәмілеге келді.

Бүгін қазақстандық делегация    Бохай   шығанағы   жағалауындағы   Тяньцзинь  қаласына аттанды,  онда  олар     жергілікті    технопарк  пен ондағы кәсіпорындардың жұмыстарымен, атап  айтқанда    экологиялық таза өндірістер  құру және оларды дамыту  жөніндегі     қытайлық тәжірибелермен  танысады.   

Соңғы жаңалықтар