Қазақстан триатлоннан Испаниядағы әлемдік серияның финалына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — 23 қыркүйекте Испанияның Понтеведра қаласында триатлоннан әлемдік серияның финалы басталады.

Қазақстан триатлоннан Испаниядағы әлемдік серияның финалына қатысады
Фото: ҚР ҰОК

Аталған додада Қазақстан құрамасы U23 санатында және жасөспірімдер арасында сынға түседі.

Ұлттық құраманың тізіміне Александр Тен, Рамазан Әйнегов, Алуа Нұрмұхамет енді.

Айта кетейік, аталған халықаралық турнир 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Таиландтың Бангкок қаласында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңі аяқталғанын хабарлағанбыз.