Қазақстан триатлоннан Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Триатлоннан әлемдік серияның кезекті кезеңі Қытайдың Вэйхай қаласында өтеді.
Халықаралық жарысқа қатысушылардың алдын ала тізіміне Қазақстан құрамасының екі спортшысы енді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыста ел намысын Арлан Жаңабай мен Аян Бейсенбаев қорғайды.
Турнир 29 тамызда өтеді.
Айта кетейік, Бекасыл Асамбек Словакияда еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға шықты.
Таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде топ жарды.