Қазақстан цифрлық деректерді заң жүзінде мүлік ретінде мойындамақшы

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе екі заң жобасы қаралып жатыр. Құжаттарды Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева таныстырды. 

Қазақстан цифрлық деректерді заң жүзінде мүлік ретінде мойындамақшы
Коллаж: Kazinform

Жаңа Цифрлық кодекс цифрлық ортаға құқықтық мәртебе беріп, деректер мен платформаларды айналымға енгізуге арналған. Осылайша цифрлық деректер, жүйелер, ресурстар мен инфрақұрылым құқық объектісі болып танылады.

— Кодекстің негізгі бөлімі цифрлық құқықтар ұғымын айналымға енгізеді. Олардың мынандай екі түрі болады:

— айналымдағы цифрлық құқықтар — цифрлық қаржы активтері және тауарлық цифрлық активтер.

— қол жетімділікті, пайдалануды және басқа да материалдық емес мүмкіндіктерді ұсынатын утилитарлық цифрлық құқықтар.

Бұл норма нақты секторды токендеуге және цифрлық активтер нарығын одан әрі дамытуға негіз жасайды. Цифрлық деректер айналымының құқықтық режимі енгізіледі. Жазбалар түріндегі цифрлық деректер алғаш рет құқық объектісі ретінде танылғалы отыр. Бұл дегеніміз, деректер экономикалық құндылыққа ие болып, азаматтық негіздегі айналымға қатыса алады, — деді депутат.

Айта кету керек, Қазақстанда цифрлық кодекс қабылдау мәселесі 2022 жылдан бері айтылып келген еді

Соңғы жаңалықтар