Қазақстан цирк әртістері Britain's Got Talent шоуының екінші турына өтті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова танымал британдық Britain's Got Talent («Британия талант іздейді») телешоуында өнер көрсетті. 

цирк
Фото: видеодан алынған кадр

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады, онда қатысушылардың бірі баспалдақпен көтерілді, ал серіктес оның басына сүйеніп, бір қолымен тірек жасады.

Жобаның көрермендері мен қазылар алқасы Саймон Коуэлл, Аманда Холден, Алиша Диксон және Бруно Тониоли әртістерге қошемет көрсетті.

Қазақстаннан қатысушылар бірауыздан 17 мамырда өтетін жобаның екінші турына өтті.

Соңғы жаңалықтар