Қазақстанның табысты дамып келе жатқаны аса маңызды – Владимир Путин
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарын қорытындылап, ресейлік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Бірнеше рет айтқанымдай, Қазақстан - біздің одақтасымыз, сенімді серіктесіміз. Дегенмен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның тұрақты, сенімді өсімді паш етіп, табысты дамып келе жатқаны аса маңызды. Елдегі әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты. Бұл экономика саласындағы, инвестиция үшін жұмыстарды жоспарлауда салмақты рөл атқарады. Біздің Қазазқстан экономикасында миллиардтаған инвестиямыз бар. Бұған дейін тауар айналымының 30 млрд-қа (доллар) жетіп қалғанын айттым және ол үнемі өсіп келе жатыр. Біздің ынтымақтастығымыз дәстүрлі бағыттарда қалыптасқан — бұл ғарыш және энергетика», — дейді ол.
РФ Президенті Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіп, әсіресе кооперация саласында жақсы болашағы бар екендігіне назар аударды.
«Есеп айырысуға қатысты бір проблема болды және ішінара қала да береді. Алайда, біз оның 80 пайыздан астамын ұлттық валютаға ауыстырдық. Әрине, бұл біздің қаржы саласындағы жұмысымызды жеңілдетеді. Мұнан бөлек, гуманитарлық байланыстар жалпы адами деңгейде өте жақсы», — деді Владимир Путин.
Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Ресейдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы қалыпты. Қазақстан аумағы арқылы үшінші елге ресейлік энергия ресустарын тасымалдау саласында өте үлкен жаңа жобалар пайда болуы ықтимал.
«Болашаққа деген сенімімізді бағалаймын және де кеше Президент Қасым-Жомарт Кемелұлымен кешкі ас барысында бейресми ахуалда осы сенімді талқыға салдық. Тағы да қайталап айтамын, мен Қазақстанды барынша жоғары деңгейде оң бағалаймын», — деді Владимир Путин.